Posted in

КӨР ҚАЗДЫ

Арамдық қылды, жамандық ойлады. ~ Атаңның басы, қатқан ердің қасы, — Оспан мысқылдап күлді. – Одан да совдепке көр қазып жүрмін, ел арасына іріткі салып жүрмін десең болмай ма? С.Ом. ~ Есіктен енбей жатып төрге озғандар – Қазақтың ертеңіне көр қазғандар. И.Сап. ~ Қарғыс атқыр!– деп Рафаэль айқай салды. Мазамды алмаңыз, кәрі сиқыршы, әйтпесе мен кетермін де қалармын! Маған күн сайын таңертең көр қазатыныңыз да жетер, тым болмаса кешкітұрым қазбасаңызшы… О.Бальз.