Posted in

КӨР ҚЫЛДЫ

Абыройдан айырып, мазақ етті, масқаралады, жерге қаратты. ~ Сопы айтты: «Мәжнүн жатыр хақтан тілеп, «Әскерін ғашығымның көр қылма» деп. Анық- ақ бұл керемет содан болды, Сұраңыз нанбасаңыз өзін әкеп». Шәк. ~ Болысыңа айта бар: жылатпаймын, көр қылмаймын десе қолымнан келіп алсын. Тойын жасап, қыздай қылып ұзатамын. Қ.Ысқ. ~ Бұл көрініске шыдай алмай, мен еңкілдеп жылап жібердім, «қор болған атам-ай, перзентіндей болып кеткен түлікті алдыңнан алып, көр қылды-ау сені. К.Қаз.

  1. Соқыр етті, жанарынан айырды.
    ~ Сөйлейсің, әңгі соқыр, қалай-қалай, Әкең Қардау ішінен туа соқыр. Көр қылған тұқымыңмен сені Құдай. Кемпірбай Бөгенбайұлы. ~ Аударылғалы тұрған кеменің үстінде отырып, тәтті асты аңсағандай бөбек дәмелерің көздеріңе перде тартып, көңілдеріңді көр қылған. Енді қайту керек. Ж.Шәк.