Көре сала, кездескен бетте, бірден, іле-шала. * Енді, міне, соның бәр- бәрі Көбейді көрген бойда қайта жаңғырып, көңіл түкпірінен өре түрекелді. Ә.Асқ. * Қара бала оны көрген бойда аңырай боздап жүгірген. Д.Әш. * …Жүзі сынық. Әлденеге қапалы тәрізді. Әдемі көрген бойда аңғарса да жолдан шаршаған шығар деген бөтен ойға бармаған. Н.Сер. * Алғаш көрген беттегі əлгі қарауы да тегін емес-ті, кешікпей жөн сұрасып, тез танысып, тез табысып қеттік. З.Қаб. * Ат ырғып түсіп, оқырана желген күйі Агбаны іздеді. Көрген бетте жанына барып қалт тұра қалды, арқасына тұмсығын үйкелеп, қайта- қайта пысқырынды. А.См.
