Posted in

КӨРГЕННЕН КӨЗАҚЫ АЛДЫ

Тіленшектік, сұраншақтық, пайдакүнемдік туралы. ~ Еркектер құлағын тың жерден тесіп ақ алтыннан сырға өткізді. Көргеннен көзақы алған балалар да құлағымызға сырға тақ деп азап салды. Ж.Айм. ~ «Көзақы» – сұраншақ, тіленші саналады… Осындай адамның мінез-құлқын бейнелеу үшін «көргенінен көзақы алатын жан» дейді. Ж.Баб. ~ Көргеннен көз ақы алмай кетпейтін кепкен шалдан құтылудың қиын екенін білген Әбдіжапар оның бар бұйымтайын Есенқұлға аудара салды. Қ.Ысқ. ~ Нағыз арлы жан «бет көрсе жүз ұялардың» аясынан шықпай, «көргеннен көз ақы алатын» желкөкірек әсіреқызылдардан бойын аулақ ұстайды. Ө.Кәр.