Жанын шығарды, әкесін танытты, ұрып-соқты. * Көз жасы бұршақтаған Елісхан өзін-өзі ширатып, ат үстінде тік отырды. Көргіліктің көкесі алда екен. Ауылға жеттік-ау деп төбе-төбеге шыға келгенде алдымен ұлыған иттер шалынды көздеріне. Ж.Шәк. * Өлтірмеңдер, түйеге артып алып жүріңдер, егерде айырылып қалсаңдар көргілікті көрсетемін! –деп айбаттанды. Ж.Шәк. * «Мына шалдар салт бойынша Гүлжанды маған қоспай қоймайды, ал Гүлжан үстіне әйел алдырмайды. Не болса да әуелі өз еркіммен бip әйел тауып алып, көргілікті содан кейін көрейін!» деп шапқылапты. Қ.Шабд.
