Posted in

КӨРЕ АЛМАДЫ

Қызғанды, іштарлық танытты. ~ Тұрмыс қиыншылығының әртүрлі себептерімен Өзбек халқының жеріне көшіп келген қазақтардың саны көп болатын. Соны көре алмаған жергілікті ұлт өзбектің өкілдері орынды орынсыз оларға тиісіп, күш көрсететінді шығарды. К.Өт. ~ “Қызғаныштан” деп еді-ау бір рет марқұм атасы Шәріп. Шегенің сол жылы ауыл жастарының ішінен суырылып шығып артель басқарғанын көре алмады демеп пе еді атасы. Жарайды, ол кезде Шегенін басқарма болғанын көре алмаған екен делік, енді бүгін, биыл, ол несін көре алмады? С.Ел.