Posted in

КӨРІМ БОЛҒАНДА (БОЛДЫ)

Сәті түскенде (түсті). * Көзінің астымен төңірекке қарап еді, көрім болғанда көшеде ешкім жоқ екен, мұндайда ол өзімен бірге оқитын қыздар мен ұлдардан қатты қысылатын. С.Мұр. * Мөңкіген аты құлап бара жатқан оны қос аяқпен тепкен, көрім болғанда аттың қос тұяғы Тұржан құшағындағы ер-тоқымға тиіп, аман қалды. С.Мұр. ~ Көкпезер бір қатын баяғыда байынан таяқ жеп, ағыл-тегіл жылап: «Өз байымның сабағаны көрім болды, күллі ауыл дүрелесе саутамтығым қалмайтын еді, тәубе!..» − деп өзін-өзі жұбатқан-мыс. М.Сәр. * Осында мен неменеге келдім, ей?! — Жәшіктерді көрсетпегеніміз қандай көрім болған! – деп Қотиын стартерді баж еткізіп басып қалды. Қ.Ысқ. *– Аман жеткендерің көрім болды. Сендер қолды болып қалды ма деп, қатты сасқан едік. Т.Рыск. * Әттең… бір … екілеген әскер киімі қолға түссе, көрім болар еді. Ғ.Біл.