Posted in

КӨРКІ ЕНДІ

Сәні енді кірді, құлпырды, бабына келді д.м. ~ Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. Абай. ~ Бәсе, даланың көркі енді кірді ғой! — деп шаттанысты, жүздеген, мыңдаған бұл хорды естіген қарттар, — бұрын кигіз үйдің, одан асса, — алтыбақанның төңірегінен аспайтын ән, Балуан Шолақ келген соң, кең даланы керіп кетті ғой!.. Е, бәсе, осылай айтылу керек қой, ән!.. С.Мұқ.