Posted in

КӨРМЕГЕЛІ КӨП АЙДЫҢ ЖҮЗІ БОЛДЫ

Жүздеспегелі, көріспегелі ұзақ уақыт өтті. * Сұлтаным, сізді көрмегелі көп айдың жүзі болды. Мал-бас, бала-шаға аман-есен жүріп жатырсыздар ғой. Ә.Шәр. ~ Ауылым көшіп барады алмалыға, Кім көнбейді тағдырдың салғанына. Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Ата-анамның хабарын алмағалы. “Ахау, керім”. ~ Жаман-жақсы болса да өз белбеуім. Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Есен аман жүрмісің көз көргенім!? Әйкен-ай! Кел, ойнайық, кел, кел-ай. “Әйке-ай”.