Posted in

КӨРМЕГЕНДІ КӨРДІ

Небір қиыншылықты басынан өткерді; азап шекті; көп қиналды. * Жеңгесі тамсанып, тыңдай берді. Қара мұрттың атып тастай жаздаған жерін, қасқыр қамаған жерін айтқан кезде: «Ойпырымай, ойпырым-ай!» деп үрейленіп, әңгіме біткен соң: — Қалқам-а-ай! Қалқам-а-ай! Көрмегенді көрген екенсің ғой!.. Әйтеуір көп орыстың талқысынан аман болғаныңды айтсайшы!— деп, таңдайын қағып, басын шайқады. Ж.Айм. * Бадырақ бастан кешірген өмірін баян қылды. Ол сөзін бітірген соң қара бала: — Өмірде көрмегенді көрген тесік өкпе, қара жалшының өзі екенсің. Осы күнгі өкімет сендердікі. І.Жанс. * Ұнатамын мен сені дегенменен, Көрмегенді өзгеден сенен көрем. Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр, Ғайып болсам бір күні егерде мен. М.Мақ.