Posted in

КӨСЕГЕСІН КӨГЕРТІП, КӨРПЕСІН ҰЗАРТТЫ

Өркенін өсірді, бақ-дәулетке жеткізді. ~ Күндіз қара қазан, сары баланың несібесі үшін қара нардың жүгін арқалап, түнде маздаған отты айнала отырып, исі адам баласына жаманшылық көрсетпе, исі адам баласының көсегесін көгертіп, көрпесін ұзарта гөр десіп тәңірісіне жалбарынатын Ақбұлыңның жұрты сонда Қожанияз бен Құдабайлардың да тілегін тілегені ме?.. Н.Дәу. ~ Айтқаны тура келді. Осы татулық, бірлік еліміздің көсегесін көгертіп, көрпесін ұзартты. БАҚ. ~ Тіліміздің бүгінгі мен ертеңін сөз еткенде үміт артатынымыз, оның көсегесін көгертіп, көрпесін, ұзартатындар – тек келешек ұрпақ. БАҚ.