Posted in

КӨТІНЕН КЕРІ КЕТТІ

Істеген ісінде береке-бәтуа жоқ, қырсық, кері тартпа адам туралы. * Суайт қайда барса, өтірігі бетіне шығып, жұртқа жексұрын көрініп, көтінен кері кете береді екен. ҚЕ. * Бір бала бар — атасына жете туады, Бір бала бар — атасынан өте туады, Бір бала бар — көтінен кері кете туады. Қазыбек би. * Я болмаса, 10 жылға дейін барлығына мемлекеттік тілде ғана білім беріп, одан кейін олардың тілін факультатив ретінде ғана оқыта бастау қажет. Ресейде солай істейді екен. Біз ғана көтінен кері кетіп бара жатырмыз. Б.Қанатов.