Ат-тонын аулақ салды. ~ Осы кезде Тепекбаевтар да қол ұшын беріп әділеттік айтқан адамға өкіл бала бола кеткісі келгендей жайы бар. Бірақ қызметіне орналаса алмай, жүдеп жүрген адамға кім жең ұшынан жалғаса қойсын. Оның үстіне аудандағылар да Айдаболовтың атын атап, жөнін жөндеп жүрген жерден көш-құлаш қашады. Б.Қыд. ~ Мөнтен бұл жолы да үндемеді, дегенмен жаңағыдай емес, Бармақтың сөзі құлағына жағып кетті ме, ыржалақтап күле берді. Бармақ Мөнтеннің қыз атаулыдан көш-құлаш қашық жүретінін жақсы білетін. Б.Қыд.
