Posted in

ӨЗГЕЛЕРГЕ (БАСҚАЛАРҒА) САБАҚ БОЛСЫН (ДЕП,

Ескертпе, өнеге болсын. ~ Гавриловтың өзінің басын алу керек, – деді кенет қатуланып кетіп, – және өзгелерге сабақ болсын, бұл үкімді осындағы қашқын солдаттардың көзінше орындаған дұрыс. І.Ес. ~  Кеңес өкіметінің жарлығына қарсы шыққаны үшін, қарсы шыққанымен қоймай, кеңес өкіметінің уәкілін соққыға жыққаны үшін, сондай жазаға бұйырдым. Бұл — өзгелерге де сабақ болсын дедім. Б.Тоғ. ~ …екіншісін дүрелеп, мойнына жолдасының басын байлап, өзгелерге сабақ болсын деп бүкіл әскерін аралап шығуға бұйырды. І.Ес. ~ Қызық іс емес – бұзық іс! – деп Баһадұр қолын сілтеп қалды. – Мемлекеттің ісін былай сырып тастап, бетімен кеткен жас коммунисті жазалайтын тұс осы! Бұл басқалшарға да сабақ болсын!  Б.Тоғ.