Әр нәрсе ретімен. * Бұл шаңырақта адам саны аз болғанмен, келімді-кетімді қонақ бас сайын бір бөлме, сөйте тұра Сиғат семьясына артық та емес, әp куыстың өз орны бар. Қ.Ысқ. * – Жә, егіле берме. Құдайға шүкір, баласыз емеспіз ғой. — Оның рас. Әйтсе де әр баланың өз орны бар. С.Досан. * Ән у а р . Әрине, әндерің әлдеқашан жарасып жүр ғой. Ал м а г ү л . Өмірде әркімнің өз орны бар. Ш.Айт. ~ Саяси лириканың да өз орны бар. Ш.Сар. ~ – Мәнсия, әр нәрсенің өз орны бар,- деді Сәргел бокалын соғыстыра салып кітапқа қайта үңілген оған.- Дастарқан басында ас ішіледі, кітап оқылмайды, ал стол басында, анау өз бөлмеңдегі, ас ішілмейді, кітап оқылады. Д.Ис.
