Posted in

КУӘ БОЛДЫ

Көзімен көрді. ~ Куә болды осы тойға ұл менен қыз қараған, Той сәні боп көкте шалқып, қалықтап бір барады ән. Ғ.Құл. ~ Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионына жиналған жанкүйерлер алаң иелерінің кезекті жеңісіне куә болды. БАҚ.

  1. Айғақ болды. ~ Екі құс ел алдында куә болды, Мойнына жазалының салмақ үшін. Уәзір мен барша халық тұрды бағып, Өтірік дей алмады бір мін тағып. М.Ж.Көп. ~ Жи, бауырым, Жи, бауырым, есіңді! Жауыздыққа куә болды өсімдік. Табытынан суырып ап аруақты Тепкіледі деген осы! Не сұмдық! Қ.М.Әли.