Үміттен айрылды. ~ Тарбан болса, “бала-шағаның нәпақасын” ұмытып кеткендей. Танауы киіктің танауындай желбіреп, торы дөненді босқа ойқастатып жүр. Бір кезде оған ақыл кірді. “Әмірбектің күдері үзілді. Шаршаған бурылын өзім мініп, торышымды берсем, көкпарды тамға апарып тастар. Ұшқыр дөнен ылдиға қарай қашырса, жұлдыздай ағады ғой!” — деді. Т.Әл. ~ Хат үзілген соң Ханжігіттен Кәмиләның да күдері үзілді. Үміті кесілді. Ғ.Біл. ~ Күйеуінен күдері үзілген соң шешем басқаша ойға беріліпті: қайтсе де мені оқытып, жетілдіру. Б.Тоғ.
