Posted in

КҮДЕРІН ҮЗДІ

Үмітін жоғалтты. ~ Қаламқас. Мал дүниесі адыра қалсын! Бәрінен де жер аударғаны қиын. Япырмай, Ертай сонша неге өшікті? Ол зарлаушы еді, күйінуші еді. Онысы — әкемнен көрген көп қорлыққа шыдай алмай жүргені ғой. Менімен көңілдестігі де ол жазаны жуып, шая алмағаны ғой! Әлде менен күдерін үзді ме екен? Т.Жар. ~ Даржан құсағандар осы күннен күдерін үзіп, кетем деп қопаңдаса, қызық көргісі кеп қасына еріп келгендер баласы мен атына өтірік мақтауды үйіп-төгіп, етегіне жармасып, жік-жапар болады. Ә.Кек. ~ Бекетті таңғы сағат алтыдан күтіп еді. Кешіккен соң күдерін үзді. Қ.Ысқ.