Posted in

КҮЙЕЛЕШ ЕТЕК

Кір-қожалақ болып жүретін салақ әйел туралы. ~ Қос қатын, үй-жаттының біреуі ғана бұйырды жер ауғанға. Қайнаң көз, бұраң бөксе сан тоқал күні кеше есігінде жүрген жалшыға телінді. Етегімен көл шайқаған ақ бәйбіше- лер теке сасыған шолақ белсенділердің кірін жуып, төсегін жайлады. Күйелеш етек күңге айналды. Ө.Кәр. ~ Отағасы аздап желпініс жасады. Іргеде шымға батырыл- ған қымызды баппен сапырып торы ала аяқпен ұсынды қона- ғына. Кедейдің күйелеш етек қызын сынамақшы еді. Ө.Кәр. ~ Кезінде директордың ақ қызы атанып, аққудай сүйкімділігімен бозбала атаулыны сұктандырған Мәруа бүгінде отбасынан, ошақ қасынан шықпайтын күйелеш етек әйел. Ө.Кәр.