Posted in

ӨЗІНЕ ӨЗІ КЕЛЕ АЛМАДЫ

Есін жинай алмады, сабасына түсе алмады. ~ Сен “Бәтіш, қорықпа. Бұл қоян ба, түлкі ме, сондай бір аң ғой”,– деп жұбатсаң да, ол бірақ жуық арада өзіне өзі келе алмады. Ә.Нұрп. ~ Көңілі қатты қабарған. Өзіне-өзі келе алмай шала бүлініп жүрді.  М.Қан. ~ Екі апта бойы өзіне өзі келе алмай, есі кіресілі– шығасылы, күндіз– түні қызуы түспей, сандырақтап жатқан Лима беті бері қарап, алғаш рет көзін ашқанда, үстіне төне түсіп, әлдене айтып жақындай берген күйеуін көріп, шыңғырып жіберді. Ә.Тар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *