Posted in

КҮЙІ ТАЙДЫ (КЕТТІ)

Халі нашарлады, жағдай болмады; бабы кетті. ~ Ұшқан жазда ақ булар Қайта оралып боран боп Соғады ма, кім білсін? Қыстап қалған аққулар, Күйі тайып обал боп, Тоңады ма, кім білсін? С.Мәу.~ Мал болмағаннан елдің күйі кетті. Ауыл адамдарды кәсіп іздеп жан-жаққа шұбырды. Әрісі Астана, берісі Арқалыққа барды. “Қостанай таңы” газеті.