Жын қақты, есінен ауысты. ~ Әрі әйел заты дұшпан ғой, кемпірдің алдында, бөріктіден — еркектен гөрі күйік қаққан қатындарша ауызына келгенін көкіді; содан өзінің осалдық көрсетіп алғанынан ұялды. С.Торы. ~ Ауық-ауық «апа, шәйіңіз суып қалды» секілді сыпайы ескертуден бөтен ешқайсысы ештеңе қоспайды. Бір келіншек ауызын басып, іргесіне бұрылған, жанындағысы тыйып тастады: – Күлме, күйік қаққан кісі. Ж.Нәж. ~ Естіген адамның кемпірдің зарлы даусынан төбе шашы тік тұрады. Сондықтан шал «кемпірімді күйік қағар» деп қорықты ма, буынып- түйініп бір күнде ойға құлап кетті. Ү.Жәл.
