Posted in

КҮЙКІ ӨМІР

Майда-шүйде шаруасы бітпейтін, қуаныш-рахаты тапшы, мәні жоқ тірлік. * Кіртің-бұртың, кірбең-күйбең, күйкі өмірден бәрі де жалыққан … Ж.Айм. ~ Ойламаған жерден Дженевьеваны осы байламға келтірген не? Сүйген жүректің сәуегейлігі ме, өзінен ризалық-ықылас күткен Джоның көңілін жыққысы келмегені ме, арбасқан жауымен бетпе-бет кездесіп, соның хикматын бір көрейінші дегені ме? Немесе күнделікті өрісі тар күйкі өміріне әлде бір жат дүниенің маған кел деп шақырған өктем үні келіп жетті ме екен? Дж.Лонд. ~ Махаббатын арнап саған құдіретіндей табынған, Күнделікті күйкі өмірдің қақысынан арылған. Беатриче, ұмтыл соған, қорлықта тұр жарымжан. М.Мақ.