Түгін қалдырмады, быт-шыт қылып жеңді, тас-талқанын шығарды. ~ Екілене соққан үш топ немістердің күл-талқанын шығарды. Ә.Нұрш. ~ Жаңа бір керемет түс көріп жатыр едім. Мен бронетранс -портеріммен тауық қорасын емес, Гитлер тұрған қамалды жапырып, күл-талқанын шығардым. М.Кәр. ~ Сол патриотизмнің арқасында кейін Отанға опасыздықпен шабуыл жасаған неміс фашистерін күл-талқан етіп жеңіп шықтық емес пе біз. Ә.Нұрш. ~ Ол жасырын суретке түсіруге келген бейшара папараццоның сүйегін күл-талқан қылды. Әрең-әрең тірі қалды… К.Мырз.
