Posted in

КҮЛ БОЛМАСА БҮЛ (БҰЛ, ТҰЛ) БОЛСЫН

Не болса, о болсын, маған бәрібір д.м. * Боқтыбай (ашулы). Қалқаман тұқымының, бүлігіне кесе түсем деп ағайынға талай өкпесі болған. Күл болмаса, бүл болсын, кіріспеймін! Б.Майл. * Кез келгеннен дәмететіні сол. Бірақ оған ден қоя салатын кім бар. Он адамның жартысынан астамына күл болмасаң, бүл бол. Ал басына іс түскендерге… Н.Дәут. * Әйбергеннің алдына салып, күл болмаса бұл болсын деп қалып қойғылары келіп еді … С. Жүн. * “Менен кейін күл болмаса, тұл болсын!” деген арам ой мұндағылардың біреуінің де басына келмеді ме екен десеңші! Ш.Айт. * Сүйгенiн iздеп келiп жер сипап қалған қапалы жiгiтке басқа дүние күл болмаса, бүл болсын, құны бес-ақ тиын едi. Т.Сәук.