Көздері ойнақшып, күлімдеп тұратын қыз туралы. ~ Одан шеткеріректе орамалдарын шарт түйінген күлім көз орыс қыздары сыбырласып күледі. Б.Мом. ~ Еркетотайлау, аласа бойлы, меңсіз аппақ екі беті қырдың қырмызы гүліндей құлпырған күлім көз арудың аты — Лайық. Ү.Жәл. ~ Атеке, сөзіңіздің қызыл шырайы жаңа кіріп келе жатыр, басыңыз қамшыны тұлпарыңызға, – деп, дөңгелек жүзді, күлім көз қызыл жігіт осы арада бір көтеріп тастады. М.Әбд.
