Posted in

КҮЛКІСІН КҮМІРЕМ ҚАПТЫРДЫ

Орынсыз күлгеннің сазайын беріп, уайымға салды. ~ Біреуге сүйкенгің кеп пәле іздеп тұрады екенсің. Әсіресе, қатынның әлгіндегі: «… үйге бір бөлке кәрә нан ала келерші-ің» деген қыжыртпасы есіме түсіп, күлкісін күмірем қаптырғым келіп кетті. Т.Сәу. ~ Сонымен қабақ құрғыр қалай ашылсын, күлкі күмірем қапқыр қалай келсін, барлық кінәлі өзім, өзім емес-ау тікендей қапты, жаңбырлы жылғы бәйектей кебе, қалың қара шашым кінәлі екен. Не қылсам екен, оны? Б.Қыд.