Posted in

ӨЛЕРМЕНДІК ТАНЫТТЫ (КӨРСЕТТІ)

Жөнсіз өжеттік жасады. ~ Анажар да тереңдеген сайын жақындай бермек сол жәннатқа. Бірақ қанша өлермендік танытса да бұдан артық шыдайтын түрі жоқ. Дәрмәні бітіп барады. Е.Әлім. ~ Керек кезінде өлермендік танытпай, қу жанын бұғып қалатын құл тәнімен тасалайтындардан ақыл да күтпе, жақын да жолатпа. С.См. ~ Бір нәрсеге бел шешіп кіріскен соң, сол істе әкеңнің құны кеткендей өлермендік көрсетпесең батпан құйрық та, тегіннен- тегін жатқан құйрық та жоқ көрінеді.  Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *