Тым жиі болатын жиындарға, отырыс, жиналыстарға қатысты айтылады. ~ Тәукенің ордасы жазда көбінесе Қаратаудағы Күлтөбеде болатын, «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген қария сөз содан қалған. Ә.Марғ. ~ Ерте-ертеде осының бәрі «Күлтөбенің басында күнде жиын» кезінде басалқасын ортаға алып, қоршай отыру, айнала отыру, ұршықтай үйіріліп, алқалай отыра қалудан шыққан десек, ағаттық бола қоймас. Ж.Баб. ~… Әбілқайыр сықылды жастар да жоңғар жайына қанық-тұғын. Әсіресе, Күлтөбенің басында күнде жиын кезде қазақтың басшысынан кещесіне дейін ауыздарынан жоңғарды тастамайтын. Ә.Кек.
