Әлдебір мәселе, жағдайдың растығына сенімі мол. ~ Содан кейін көп болса ай жарым уақыт өтті. Білалдың үстінен Ақмолаға алпыс арыз түсіпті, деген лақап тарады. Алпыстың елуін Мұқтар мен Әубәкір ұйымдастырған жала десек қалған оны жәбірленушілерден екенінде күмән жоқ. Ғ.Мұст. ~ Менімен ешкім таласа алмас, егер мен осыдан екі-үш ғасыр бұрынғы өр қазақтың, көкірегі биік қазақтың таудай рухы қазаргі ұрпақтарында жоқ десем. Бұл тұжырымым қай жағынан болса да, ақиқатқа сай екеніне күмәнім тағы жоқ. М.Әбд. ~ . Таразы басы тең емес еді. Шабуыл жасаушы жақтың күші төрт есе, бес есе, мүмкін, тіпті, он, жиырма есе артық-тын. Оны тазы да сезді, қасқырлар да білді. Осы қазір жылы қан ішіп, жас ет жейтініне көпті көрген кәрі қаншықтың күмәні жоқ-ты. М.Мағ.
