Posted in

КҮМІСТЕН САЛМАҚТЫ

Құрмет-қадірі жоғары; күшті, мықты. ~ Хатты, сірә, жолдас жігіттерінің біреуі жазып берсе керек, өйткені: «Алтыннан ардақты, күмістен салмақты, жақсы құрбымыз Ұлтуғанға…» — деп бастап, онан әрі өлеңдетіп әкетіпті, тіпті Орақ айта алады, Орақ құрастыра алады дейтін сөздер емес. С.Мұр. ~ «Амандық хат» — деп айқайладым. Әйтпесе есітпейді. — Алтыннан ардақты, күмістен салмақты атамыз бен анамыз, жан бауырым Сүлеймен, қарындасым Ханзада! Аман-есен туған жерде өкімет пен партияның тапсырмасын абыроймен атқарып жүріп жатқан боларсыздар… Ш.Мұр.