Ымырт үйірілді. ~ Бөтен жерде, өзен бойында, жар түбінде жападан-жалғыз шошайып қалғанына өзінен-өзі қорқып кетті. Қара шаттан қашып келе жатқаны лезде есіне түсе қалды. Ұшып түрегелді. Күн еңкейіп, түс қаңғып кетіпті. Ж.Айм. * Жер үсті қап-қара көк теңіз тәрізді. Күн еңкейген мезгіл еді. Алтын күн аспаннан сұлу жерге еңкейген тәрізді. С.Сей. ~ Алыста, көз ұшында, адырдың бөктерінде әлде қарауытқан мал, әлде қарауытқан томар секілді бірдеңелер көрінеді. Күн еңкейіп, намаздігер болды. Ақбілектің қарны ашты, қажыды. Аяғын кебіс соғып, қажап тастады. Ж.Айм. ~ Күн еңкейіп бара жатты. Сол кезде тысқа шыққан Оспан өз қыстауының айналасында, қорықта қаптай жайылып жүрген өңшең ерттеулі аттарды кәрді. М.Әу. ~ Алтын тәж киген күнбағыстар менменсіп кегжиіңкіреп тұр. Немерелері отырғызған намазгүл қазір күн көзінен ұялып, қауашағын ашпайды. Намазгүл күн еңкейе жайнаңдап шыға келеді. Ш.Мұрт.
