Күн өтіп, күйді, ыстық ұрды. ~ Қоңыр самалда мұздың ызғары, қардың иісі бар. Қағырға шықсаң күн жалап, теріске түссең тер қатып, бір ыстық, бір суықта тас моншаның буында отырып төбеңнен тастай суды төгіп жібергендей тітіренесің. Қ.Ысқ. ~ Кәріс қыздар жаз күндері тынбай кетпен шабады деп еститінбіз, сол рас-ау деймін, денесін әбден күн жалап, жылтыратып жіберген. Қ.Жиен.
