Қолынан іс келмейтін, ынжық, не болса соған қайғыратын, уайымшыл адам туралы. ~ Иә, жолдас участка бастығы, бұл қалай? Күн жаумай су болып, етектеріңе сүрініп құлағандарың? Ә.Әб. * Тықыр-мықыр! Неғылған тықыр. Осы сен де күн жаумай су боласың да, отырасың, – деп ашуға булыққан Нұртаза Сүлейменнің бетінен алып тастады. С.Жүн. * Осы сен-ақ күн жаумай суланып отырады екенсің. Қалыңсыз беретін далада жатқан қыз жоқ. О несі-ай, қайдағы жоқты шығарып, ата дәстүрі, несі бар. С.Жүн. ~ Немене сонша шыңғырып. Тура шешеңнен бiр аусайшы. Ұқсамасаң тумағыр. Жылауын! Күн жаумай неге су болып келесiң, ей, сен? Әлгi сөз Саяттың жүрегiн бiзбен шаншып алғандай. О.Елс.
