Posted in

КҮН ҚАҚТЫ (БОЛДЫ)

Күнге күйіп, өңі тотықты. ~ * Ауыр бейнет айғыздаған күн қақты жүдеу жүздерінде балалық белгі жоқ, шаршаңқы, салғырт. Бастарынан сипап аймалағысы келді, қуантсам дейді. Т.Сәу. ~ Келінінің сол баяғы қалпы. Баласының да басы омырауына түсіп алған. Күн қақты бетінен тырсиған ашу арылмайды. Түтігіп келеді, түтігіп кетеді. Ә.Кек. ~ Үнемі күн қақты болып, құрылыс басында жүретін баласына көзі түсіп, осыдан отыз жыл бұрынғы өз бейнесін көргендей масаттанды. Қ.Жұм.