Жарық түсті, күн шықты. ~ Терезе кәсегінің шетінен күн құлағы қылтиды. М.Қаб. ~ Бұл кезде күн құлағы қылтимаса да, көкжиектің кірпіктері — шұғылалар шашырай тарап, жоталардың ұшар биігі алтынға бөгіп, ойматазданып тұр екен. М.Қаб. ~ Екі сөткелік отамалы қасат-қасат үрінді қарға айналып, сай, ықтасындарда жел ұшырған газет жыртындысындай ағараңдап жатты. Әйткенмен аспан әлі ақ айран, анда-санда қылтиған күн құлағы қызыл. М.Қаб.
