Posted in

КҮН ТИМЕЙ, ЖЕЛ ҚАҚПАЙ (КҮН ТИМЕГЕН, ЖЕЛ ҚАҚПАҒАН)

Қиындық көрмей өскен д.м. ~ Қалада оқып, қағаз сорған, күн тимеген, жел қақпаған сұрғылттау жүзіне сонау Қозымаңырақтың дәл төбесінен шаншыла шыққан күн жарықтықтың қызыл арайы шомылдыра төгілгенде, бозбаланың бозаң беті қызылшырайланып, құйылып тұрған нұрлы сәулеге малшына қалған тұла бойы дүр сілкініп сұлу торы аттай шиыршық атты. Ә.Қайр. ~ Досым екеуміз даңқұрдас болсақ та күн тимей, жел қақпай көлеңкеде көктеген шөп секілді ақ сұр менен әлдеқайда ересек тартқан, ал мен оның қасында әлі бала секілдімін. О.Бөк.