Posted in

КҮН ШАЛМАҒАН

Күн түспеген д.м. ~ Шіркін-ай, мұндай жүйрік туармысың, Сөйлейсің алтындай ғып сөздің жезін. Қанатын күн шалмаған ақ тұйғынның Жапалақ иемденер басқан ізін. Біржан с. ~ Үй тігушілердің арасынан Ләйлім де анда-санда бір көрініп қалады. Әне, күн шалмаған әппақ жүзі керегенің тор көзінен сығалап тұр. С.См. ~ Қыз арқасын бойлай қара өзен әлсін-әлі бұлқына түсіп, беліне қарай тоқтаусыз саулап ағып жатыр. Тартпа астын күн шалмапты — қыз еті аппақ. М.Қаб.