Posted in

КҮНДЕЙ БАЛҚЫДЫ

Екі беті нарттай жанды, құлпырды, ажарланды. * Екі бекзат қосылып Күндей балқып толады, Екеуінің нұрына Көрген жанның бәрі де Тамаша қайран қалады. “Қыз Жібек”. ~ Ондай болса, ол қызды өзім барып көрейін, – деп, сол сағатында тоқталмай, атқа мініп, дереу Омар молданың үйіне келіп көрсе, күндей балқып отырған бір қыз. БС “Нов. ерт”. * Дүйім Баян кеткесін, Алты жыл анық өткесін, Шыңғыс туып Арқардан, Күндей балқып тарқаған. Одан туып барша хан, Халқына әділ қараған. Ғ.Әріп.