Posted in

КҮНДЕЙ ЖАРҚЫРАДЫ

Ажары кірді; жүзі жанды, пейілі кеңіді. * 18-ғасырдың аяғында Орынбордан Бұхарға қазақ даласының үстінен басып сапар шеккен ағылшын монағы Джон Кэстлер: далалықтарға орыс рублі, швед кроны, неміс маркасы, ағылшын фунт стерлингі жүрмейді екен, оларға жүретін – пейіл ғана, пейіліңіз ашық, ниетіңіз таза болса – далалықтар күндей жарқырап төріне шығарады, ал тымырсық лас ойдан арыла қоймаған кісіге кірпідей жиырылады екен деп төгілдіреді. Д.Досж. ~ Көптен бері жетім баладай жүдеп жүрген көңілі қайта-қайта егіліп босай берген Кәмеш кеудесінде күндей жарқырап жанған сезім шырағының сәулесін анық аңғарғандай… С.Ғаб.