Posted in

КҮНДЕРДІҢ КҮНІНДЕ

Әлдебір күні, талай жыл өткесін. ~ Жеті жүз жыл жер астында жатқан аждаһа жерді шиқандай дүмпіте береді. Күндердің күнінде ол дүмпу жұқара бастайды, аждаһа оны жұқарған сайын жоғары көтеріп, солқылдатып жыртуға айналады. Х.Ес. ~ Бәлкім, өз діндеріне кіргізіп, күндердің күнінде қазақ тағына өз діндестерін отырғызғылары келген шығар. Ә.Кек. ~ Шектен шыққан жерім жоқ. Тек еруліге – қарулы, сен қылғанға мен қылдым. Күндердің күнінде қазақтан да қара қылды қақ жаратын әділ қазы шығып, ақ-қараны ашар заман болса, кім кінәлі, кімнің кінәсіз болғанына кейінгі ұрпақтың көзі жетер. Исі қазаққа қылдай жазығым жоқ еді. Ә.Нұрп.