Posted in

КҮНДЕС ҚАТЫН СИЯҚТЫ (ҚАТЫНДАЙ)

Көре алмаушылық, бақталастық, көңіл таршылығы туралы. ~ Ұйқы қашты… Жоқ, безді ұйқы менен! Күндес қатын сияқты күйкілі өлең Сылаңдайды, Сыбырлап сыр аңдайды Сыған қызы сияқты сиқыр әлем. И.Сап. ~ “Е…е… солай… мансаптылар күндес қатын сияқты осы күнде. Бірін-біріне мақтасаң да, жамандасаң да жақпай қаласың. Т.Рыс. ~ Отырар әміршісі қаныңа
қарайған; Дешті-Қыпшақтың кіндігінде жүріп күндес қатыңдай күңкіл салған Бадриддиннің қылмысын айтып бетіне басты, жұрт жүзіне қарағысыз етіп жерледі. Д.Дос.