Posted in

КҮНДІЗ БАЛАСЫ

Күні бойы. ~ Жорыққа аттандырған барымташыға түсетін құмалақ бұларға да түсер еді. Қоналқа жерде бөгелгені болмаса түстікке аялдамай, күндіз баласында үнемі суыт жүріп отырған топ Қарқаралыдан шыққанына жетінші күн дегенде Шыңғыс тауының батыс жақ тұмсығына кеп ілінді. М.Әу. ~ Аңшылардың күндіз баласы табылмайтындықтарын естіп, түнқата іздеп келгенін айтып көлкек қақты. Ғ.Біл. ~ Күндіз баласы тау шатқалдарына бытырай ерулетіп, ат-көлігін отықтырып алған елді қараңғы жастандыра жолға шығарып, түні бойы көшіріп отырды. Ғ.Біл.