Posted in

КҮНӘҒА БАТТЫ

Арынан аттады; дін талаптарына, иманға не заңға қарсы келетін қадамға барды. * Ата, сізге көже ішуге болмайды,- деді Әжібек Байдалы шалмен ойнайтын белгілі қалжағына басып. − Е, неге? − Өткені, осы қырманның ұрлық бидайынан жасалынған көже. Ұрлық көжені ішсеңіз өлгенде күнәға батасыз. С.Мұр. * Аңның киесізі бола ма, шырағым, дегенмен, қоңыр аңның қасиеті бөлек қой. Соның ішінде буаз жануардың қарғысы қатты болады. Сондай күнәға батпасаң бопты да. Д.Әшім. * Мұндай жылқы айшылық жерді алты- ақ аттайтындай болып көрініп, Әзірет Әлінің дүлдүліне теңеуге шақ қаласың, жоқ жерде күнәға бата жаздайсың. А.Смай.