Posted in

КҮНІ САНАУЛЫ

Өлер, бітер күні алыс емес. ~ Құдай осы қатынды біздің қолға бір бере ме, жоқ па? Ай, ол күн алыс емес шығар… Есеней анау, оның күні санаулы… Ғ.Мүс. ~ Қайтсін байғұс, күйеуінің күні санаулы-ақ, соны біле тұрып, несіне жетіссін! Түсінем ғой! Ә.Ысқ. ~ Маншың өкіметінің күні санаулы екенін, ендеше империяның итаршысы халдайлардың да үстемдігі көп ұзамай құлайтынын шаршы топтың алдында бірнеше рет қайталап айтыпты… Қ.Жұм. ~ Революция Империяны құлатқан жоқ, құтқарып қалды. Іріп-шіріген отарлық жүйенің күні санаулы еді. Т.Сәу.