Posted in

КҮНІ ТАЯУ

а) Әйелдің босанар уақыты жақын. ~ Ұлан жүре киініп: – Оның рас, бірақ Іңкәрдің күні таяу ғой. Аманшылық болса бірге ба рып дем аламыз, – деп олар жарқылдай сөйлеп үйлеріне қарай кетіп бара жатты… Ә.Ыб. ~ Әкеңнің еркек балалары шетінеп, тұрмай, қападар боп жүрген кезі еді. Мақпалдың босанар күні таяуды. Т.Әл. ~ Біздің келгенімізге мәре-сәре болысты. Келіншегі аузы-мұрнынан шығып отырған екі қабат екен. Күні таяу сыңайлы. Ж.Шәк.
ә) Ажалы жақын. * Менің күнім таяу, балам… Саған тапсырар жалғыз аманат — айтқандарымды бұлжытпай орында. Б.Тоғ.