Мақтаншыл, даңғой, аз еңбегін көп қып көрсететін, кеудесіне нан піскен адамдарға қаратып айтылады. ~ Қазақтың қазіргі күпілдеп сөйлеп, күпсіп жүрген көп жақсысы бір кезде сөйтіп жылт еткен бірдеңесімен ел назарына ілігіп, кейін ештеңе тындырмай-ақ абырой-атаққа оңай ие болып жүргендер. Ә.Кек.
