Posted in

КҮРЕ ТАМЫРЫ БІЛЕУЛЕНДІ (БІЛЕУДЕЙ БОЛДЫ)

Ашу шақырды, қызбаланды, елірді. ~ Ау, жұртқа неге жарасады, ал маған неге жараспайды? – Бәйтеннің күре тамыры білеуленіп, Қаратайдың жүзімен бетпе-бет келді. – Жоқ, маған неге жараспайды, а? Т.Әбд. ~ Алғаш Тынышбай ойында біраз айналып – дөңгеленіп жүріп бір- бірімізді жықпай, келісіп айрыласармыз деген жайбарақаттық бар еді, досы бұны ә дегеннен бүре жөнелгенде, Тынышбайдың қаны ойнап бетіне шығып, күре тамыры білеуленіп ісініп, алапат ашуға бастаған. C.См. ~ Әбілмансұрға келгенде Нысанбай жыршының екі көзі оттай жайнап, күре тамыры білеудей боп, кең тамағы торғай жұтқан қурай жыланның көмейіндей ісініп кетті. Домбырасын бәйге атына шапқандай сабалай ұрып, жыр шумағын құшақ-құшақ лақтырды. І. Ес.