Молынан пайдаға батты. ~ Міне, бояу, міне, өшіргіш, ақ қағаз! Сыз, өшір, сыз, жыртып өшір, қайтасыз! Қысқасы, сурет сал! Суретшілер ақшаны күректеп табады дейді. Сыза берсең құдай қолдап, күндердің күнінде сенің де маңдайың жарқырап шыға келер. М.Қаб. ~ Қанаттың кезекті ем домына қаржы жинау керек, сол үшін қалаға барып күректеп таппасам да, аяққа тұруға қамданып жұмыс істесем қайтеді. А.Әлт. ~ Енді не болды? Мына сықпытыммен қалай көрінемін? Кетсем бе екен Шолақтауға? Алтынды күректеп алатын Шолақтауға? Сары сағым-сары айдаһардай бүктетілді, бүлкілдейді. Ш.Мұр.
