Posted in

КҮРМЕУІ ҚИЫН ТҮЙІН

Шешуі қиын мәселе. * Әсіресе жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы тым төмен өңірлерде жас егемен елдің кешегі тарихына қатысты кез келген қарапайым мәселе, оп-оңай күрмеуі қиын түйінге айналып кетіп те жатты. Б.Тұрғ. ~ Бірақ әлсін-әлсін ойқастап, қыр көрсеткен көз турасында нақты тұжырымға тоқтай алмай қиналады. Таңданыстарын да жасырмайды. Күрмеуі қиын түйін тарқатылмаған қалпында қалады. Сұрақтар сананы сілкілейді: – Бұл неғылған Көз? Қандай құбылыс? – Ол не? Бөгдепланеталықтардың арнаулы аппараты ма? Ж.Елш. * Ең күрмеуі қиын түйін барлаушыларды етпен қамту болды. Етті көрсетісі қышитын қазақ етсіз отыра алмайды. Ал оның сол уақыттағы бірден бір көзі қолдағы жекеменшік мал. Ол «тесік қайыққа мініп келгендерде» атымен жоқ. Ә.Спан.